Парламент Палаталарының бірлескен отырысы 20 наурызға белгіленді

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды

 Мәжілістің баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 15:33
Бүгiн 2026, 15:33
90
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжатқа сәйкес, бірлескен отырыс 2026 жылғы 20 наурыз күні сағат 10:00-де Астана қаласында өтеді.

Өкім Қазақстан Республикасы Конституциясы 58-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес қабылданған.

Айта кетейік, Парламент Палаталарының бірлескен отырыстарында елдің маңызды саяси және заңнамалық мәселелері қаралады.

Наверх