Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қошанов сегізінші сайланған Парламенттің екінші сессиясы жұмысын қорытындылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалары Парламент жұмысына жаңа бағыт-бағдар берді, көппартиялы Парламент заң шығарушы орган қызметіне тың серпін әкелді, қоғамның түрлі идеологиялық көзқарастағы әр алуан өкілдерінің келуі қабылданатын заңдардың сапасын арттыра түсті. Мұның бәрі Қазақстан парламентаризмі тарихындағы жаңа кезеңге айналды, - деп айтты төраға.
Оның сөзінше, өткен сессия “мықты Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет” формуласының тиімділігін іс жүзінде дәлелді. Билік тармақтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ететін бұл жүйе пәрменді шешімдер қабылдауға мүмкіндік туғызды.
Осының бәрі елімізді одан әрі дамытуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Президент жариялаған “заң мен тәртіп үстемдігі” қағидаты өткен заң шығару маусымындағы басты бағдар болды. Қоғамның сапалы заңдар қабылдауға деген сұранысын арттыра түсті. Парламент еліміздегі ең өзекті проблемалар бойынша заңнамалық шешімдер шығару және оларды ашық талқылау алаңына айналды. Түйіткілді мәселелерді заңдар арқылы шешу негізгі тетігі ретінде қалыптасып келеді, - деп түсіндірді Мәжіліс спикері.
Сондай-ақ Қошанов нормативті құжаттардың мәртебі мен салмағы да артып келе жатқанын атап өтті.