Астанада маусым айынан бері түнгі автобустар қатынап жатыр. 1 автобус паркінің басқарма төрағасы Мадияр Тұқпатов 3 бағдар бойынша екі көліктен қатынайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Түнде қатынайтын автобустар пайда әкелмейді, бұл әлеуметтік жоба. Біздің парктен түнде 3 бағдар бойынша 6 автобус жүреді. Қоғамдық көліктер оң және сол жағалау аралығында қатынайды. Біз түнгі автобустардың бағыты бойынша талдау жасап, халықтың сұранысын ескердік, - деді Мадияр Тұқпатов.
Оның айтуынша, түнгі автобустар халық жиі қатынайтын және тығыз орналасқан бағдарлар бойынша жүреді.
Түнгі автобустар сағат 00:00-ден бастап, таңғы 06:00–ге дейін жүреді.