Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Парижде сүйіктісіне сөз салған қазақстандық жігіт сақинасын өзенге түсіріп алды

4 Мамыр 2025, 13:28
642
Бөлісу:
 Видеодан скрин
Фото: Видеодан скрин

Франция астанасы Парижде сүйіктісіне сөз салған қазақстандық жігіт сақинасын өзенге түсіріп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан Париждің Сена өзенінің жағалауындағы романтикалық ұсыныс кезінде сақина салынған қорап жігіттің қолынан шығып, суға түсіп кеткенін көруге болады.

Жігіттің достарының бірі ойланбастан өзенге секіріп, сақинаны шығарып алған. Жас жігіт ұсынысты қайта жасап, қалыңдық «иә» деп жауап береді.
Желі қолданушылары ойланбастан суға түсіп, романтикалық ұсынысты құтқарып қалған жігіттің әрекетіне тәнті болды.

Өзгелердің жаңалығы