Жүзге жуық елдің өкілдері климат жөнінде саммитке қатысу үшін Парижге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Арасында мемлекет басшылары пен халықаралық ұйымдардың өкілдері бар. Басқосудың негізгі мақсаты – кедей елдердің қарыздарын азайту үшін Жол картасын дайындау.
Бұл ауа райының өзгеруіне қарсы күреске көбірек қаражат бөлуге жол ашады, - дейді сарапшылар.
Екі күнге жалғасатын саммитты Франция президенті Эммануэль Макрон ұйымдастырды.