Луврдан патша зергерлік бұйымдары ұрланғанынан екі апта өткен соң, қылмыскерлер Swarovski дүкеніне кіріп, шамамен 200 000 еуроға бағаланған зергерлік бұйымдар мен сағаттарды ұрлап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ Le Parisien басылымына сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, зергерлік дүкендегі дабыл қағылмады, ал қауіпсіздік камералары ұрыларды жазбаған.
Тонау тек таңертең ашылды, қызметкерлердің бірі дүкенді ашуға келгенде есіктің сынғанын және витриналардың құлағанын көрген.
19 қазанда жұмысшы киімін киген белгісіз біреулер Луврға жүк көтергішпен кіріп, бірнеше минут ішінде Наполеонның коллекциясынан 88 миллион еуроға бағаланған зергерлік бұйымдарды, соның ішінде алқа, брошь және диадеманы ұрлап кетті. Олар қашу кезінде императрица Евгенийдің 1354 гауһар таспен көмкерілген тәжін тастап кетті. Оқиғадан кейін Лувр үш күнге көпшілікке жабық болды. Екі күдікті 25 қазанда, ал тағы бесеуі 29 қазан кешінде тұтқындалды. Олардың бірі жауап алынғаннан кейін босатылды.