Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай елге оралды

Бөлісу:
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай елге оралды
Фото: скрин

Алматы әуежайына әйелдер боксынан 50 келі салмақта жұдырықтасқан Назым Қызайбай келді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Франция астанасында ел намысын абыроймен қорғап, көк туды көкте желбіреткен спортшыны жақындары мен жанкүйерлері, достары мен БАҚ өкілдері салтанатты түрде күтіп алды.

Жанкүйерлер Назымды шашу шашып, домбырамен ән салып, ерекше күтіп алды. Спортшылар да осындай ерекше құрметке ризашылықтарын білдірді.

Жеңіске жеткенімді енді сезініп жатырмын, халық өзі күтіп алып жатыр. Барлық жанкүйерлерге мың алғыс. Қолдаулары барлық жақтан сезіліп жатты. Бүкіл қазақ елі сенімін білдірді. Бауырларым, ата-анам, әкемнің ауылдастары да маған үлкен сенім артты. Сондай-ақ Италиялық жанкүйерлер қолдау көрсетті, - деді боксшы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай.

Өзгелердің жаңалығы