Париж Олимпиадасын еліміздің 5 телеарнасы көрсетеді

Бүгiн, 21:43
155
Бөлісу:
Париж Олимпиадасын еліміздің 5 телеарнасы көрсетеді
Фото: скрин

Парижде (Франция) өтетін ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарын биыл алғаш рет еліміздің бес бірдей телеарнасы көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Париж Олимпиадасы ойындарын Qazaqstan, Qazsport, «Хабар», «Ел арна» және Jibek Joly телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Осы аталған бес арна ойынның ресми ашылу салтанатын бірдей уақытта тікелей эфирде көрсетеді. Ал ойын басталғаннан кейін әр арна жарысты спорт түріне қарай әртүрлі уақытта тікелей көрсете бастайды. Қай арна қай бәсекені көрсететінін өзара бөлісіп алған. Бірақ соның ішінде жарыстың басым бөлігін Qazsport телеарнасынан тамашалай аласыздар. Себебі ол арнайы мамандандырылған спорт арнасы, - деді Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі Диас Ахметшәріп.

Айта кетейік, Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойынға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады. Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Өзгелердің жаңалығы