Алматы, BAQ.KZ. Жексенбі күні кешке Париждің солтүстік-шығысында мешіттің бірінде белгісіз адамдар оқ атып, бір адамды жаралады.
Бұл туралы BFMTV телеарнасы хабарлады.
Кешкі сағат 20.00 шамасында қарулы ер адам 19-округтегі мешіттің ауласына кіріп бір адамға оқ атқан. Кейін ол жерден мотороллермен қашып кеткен, оның қайда екені белгісіз.
Телеарнаның мәліметінше, оқ тиген жаралы адамның өміріне қауіп жоқ.
Полиция қызметкерлері мешіт аумағындағы атысқа жеке адамдардың араздығы болуы мүмкін деген болжам жасауда.
Бұл жағдайға қатысты нақты бір адамның жеке есеп айрысқысы келді деген нұсқаға сүйеніп отырмыз, - дейді тергеушілердің бірі.Бұл жайт бойынша адам өлтіруге оқталу деген баппен қылмыстық іс қозғалған, тергеуді соттық полиция жүргізіп жатыр.