Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Париж әуежайларында қар мен көктайғақ салдарынан 150 рейс тоқтатылды

7 Қаңтар 2026, 21:29
244
Бөлісу:
 Reuters / Abdul Saboor
Фото: Reuters / Abdul Saboor

Париждегі Шарль де Голль әуежайында қар жаууына байланысты шамамен 100 рейс, ал Орли әуежайында 40-қа жуық рейс тоқтатылды. Бұл туралы Францияның көлік министрі Филипп Табаро мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ BMFTV телеарнасына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Парижде қолайсыз ауа райы сақталуына байланысты рейстердің тоқтатылуы бір күн бұрын-ақ күтілген. Ұшу-қону жолақтарын қардан тазалау және ұшақтарды мұздан арылту жұмыстарына байланысты бұл шаралар Шарль де Голль әуежайында таңғы 9:00-ден 14:00-ге дейін жоспарланған рейстердің шамамен 40 пайызына, ал Орли әуежайында таңғы 6:00-ден 13:00-ге дейінгі рейстердің 25 пайызына әсер еткен.

Қар мен көктайғақ Францияның солтүстік-батысындағы кең аумақта автокөлік, әуе және теміржол қатынасының, сондай-ақ қоғамдық көліктің жұмысына кедергі келтірді. Елдің 38 департаментінде қауіптің "қызғылт сары" деңгейі жарияланған.

Бүкіл Франция бойынша жол кептелістерінің жалпы ұзындығы 1 600 шақырымнан асты, оның ішінде Иль-де-Франс өңірінде шамамен 950 шақырымды құрайды.

Өзгелердің жаңалығы