Париж-2024: Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті

27 Шілде 2024, 13:47
1864
Бөлісу:
Париж-2024: Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде  түсті

Нысана көздеуден Қазақстан құрамасы Олимпида ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ислам Сәтпаев пен Александра Ле пневноматикалық винтовкамен оқ ату бәсекесінде Германия құрамасын жеңді.

Алғашқы жүлде құтты болсын!

Алғаш рет олимпия ойындарына қатысып тұрған Ислам Сатпаев пен Александр Ле жұбы Германия құрамасынан (Анна Янсен, Максимилиан Ульбрих) басым түсті.

Сүйінші, ардақты ағайын! Париж Олимпиадасының алғашқы жүлдесі қоржынға түсті. Жарыстың алғашқы күнінде мергендеріміз — Ислам Сәтпаев пен Александра Ле Олимпиаданың қола жүлдегері атанды! Баршаңызды осынау айтулы нәтижемен шын жүректен құттықтаймын! Мергендеріміз қола жүлде үшін таласта Германия өкілдерін айналып өтті. Олардың жеңісті жолы басқа отандастарымызға да жұғысты болсын! Мергендеріміз алдағы уақытта да жанкүйер қауымды қуантады деп сенемін. Өйткені олардың мүмкіндігі жоғары. Бұл жетістік аталған спорт түрінің бізде елде қарқынды дамып келе жатқандығының жарқын көрінісі. Мергендеріміз мүлт кетпесін! Тілектеспіз! »— деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Айта кетейік, біздің мергендер ертеректе іріктеуде 630.1 ұпай жинаған. Ислам мен Александра дуэті - былтыр Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері.

Өзгелердің жаңалығы