Париж-2024: Қазақстан медальдар есебінде нешінші орында тұр?

4 Тамыз 2024, 13:31
9551
Бөлісу:
Париж-2024: Қазақстан медальдар есебінде нешінші орында тұр?
Фото: gov.kz

Қазақстан Париж Олимпиадасының сегізінші жарыс күнінде күміс медаль алғанына қарамастан, медальдар есебінде төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кешегі жарыс күнін ұлттық команда 25-орында бастаған. Артынша Нариман Құрбанов күміс медаль иеленген еді. Қазақстан медальдар есебінде бір сатыға төмендеді. Қазір Қазақстан бір алтын, бір күміс және екі қола медальмен 26-орында. Бұл орынды Оңтүстік Африкамен бөлісіп тұр.

Қытай медальдар есебінде көш басындағы орнын ұстап тұр – 16 алтын, 12 күміс және тоғыз қола медаль. АҚШ (14-24-23) екінші орынға көтерілді. Ал Франция (12-14-15) үшінші орынға түсті.

Қазақстан көршілерінен Өзбекстанда бір алтын мен екі қола медаль бар, олар 29-орында тұр. ал Қырғызстан мен Түрікменстан әзірше жүлде еншілей алмады.

Өзгелердің жаңалығы