Франция астанасы Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында боксшы Қамшыбек Қоңқабаев алғашқы жекпе-жегінде жеңіліс тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аса ауыр салмақ дәрежесінде (92 келіден жоғары) сынға түскен отандық спортшы Олимпиададағы бірінші жекпе-жегінде испаниялық Аюб Гадфа Дриссимен кездесіп, қарсыласқа есе жіберді.
Еске салайық, бұған дейін боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы Олимпиада ойындарының ширек финалына өткені туралы жазған болатынбыз.