Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2024 жылғы Париж Олимпиадасының ұйымдастырушылары жарыс бағдарламасынан алынатын спорт түрлерін атады. Бұл туралы paris2024.org хабарлады.
Турнирдің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Парижде каратэ, бейсбол мен софтбол жарыстары өтпейді. Ал бағдарламаға брейк-данс спорты енеді.
Скейтбординг, серфинг және спорттық құзға өрмелеу жарыс бағдарламасында қалды. Жалпы, Париж Олимпиадасында спорттың 28 түрі болады.
Айта кетейік , 2024 жылғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз өтеді.