Париж-2024: Назым Қызайбай қола жүлдені иеленді

Бүгiн, 01:26
177
Бөлісу:
Париж-2024: Назым Қызайбай қола жүлдені иеленді
Фото: BAQ.KZ

Ұлттық құрама боксшысы Назым Қызайбай (50 кг) Париж Олимпиадасының жартылай финалында қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бокстан Қазақстан құрамасының бірінші медалін қоржынға салған спортшы Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының жеңімпазы, әлем чемпионы қытайлық У Юға есе жіберді.

Қазақстандық боксшыны рингте көрсеткен тамаша жекпе-жегімен және Олимпия ойындарының қола жүлдесімен шын жүректен құттықтаймын! Жекпе-жекте төрешілер Назымның қолын көтермесе де, отандасымыз шаршы алаңда жеңіс үшін аянып қалған жоқ. Рингте өз шеберлігін, жеңіске деген ерік-жігерін көрсете білді. Қазақстан бокс әлеміндегі ең үздік құрамалардың бірі екенін дәлелдеді. Бұл жүлдеде жаттықтырушылардың да еңбегі зор. Біз Назымның жарқын жеңістері әлі алда екеніне сенімдіміз! Осылайша, Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толығып отыр. Біз спортшыларымызбен мақтанамыз. Тек алға!, - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Өзгелердің жаңалығы