Париж-2024: Мұхамедсабыр Базарбайұлы ширек финалға өтті

Бүгiн, 00:26
158
Бөлісу:
Париж-2024: Мұхамедсабыр Базарбайұлы ширек финалға өтті
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы Олимпиада ойындарының ширек финалына өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ұлттық құраманың ең жас спортшысы Мұхамедсабыр Базарбайұлы 1/8 финалда Ханчжоудағы Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Чу Ен Лайдан 3:2 есебімен басым түсті. 

Естеріңізге сала кетейік, жерлесіміз бірінші айналымда Испания өкілі Ойер Ибареччені жеңген болатын. 

Ширек финалдық жекпе-жек 1 тамыз күні өтеді.

Өзгелердің жаңалығы