Париж-2024: Ильфат Абдуллин садақ атудан Олимпиада ойындарын жеңіліспен аяқтады

30 Шілде 2024, 22:51
490
Бөлісу:
Париж-2024: Ильфат Абдуллин садақ атудан Олимпиада ойындарын жеңіліспен аяқтады
Фото: olympic.kz/Владислав Семенов

Париждегі Олимпиада ойындарында садақ атудан ерлер арасындағы турнир басталды. Қазақстаннан алғаш болып Ильфат Абдуллин сынға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Команда үздіктерінің бірі 1/32 финалда канадалық Эрик Питреске қарсы ойнаған болатын.

Аталған кездесуде Ильфат 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Енді спорттың бұл түрінен Дәулеткелді Жаңбырбай мен Александр Еременко сынға түседі. Олар 1 тамыз күні бақ сынайды.

Өзгелердің жаңалығы