Париж-2024: Данил Мұсабаев іріктеуден өте алмады

Батуттағы гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Данил Мұсабаев Париждегі Олимпиада ойындарының финалына шыға алмады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

 olympic.kz 2 Тамыз 2024 2024, 22:49
2 Тамыз 2024 2024, 22:49
1044
Фото: olympic.kz

Батуттағы гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Данил Мұсабаев Париждегі Олимпиада ойындарының финалына шыға алмады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Ол іріктеу кезеңінің бірінші айналымынан сәтті өтті. Ол өз бағдарламасы үшін төрешілерден 58.070 ұпай алды. Осы аралықта 8-орында тұрған.

Екінші кезеңде ол 55.550 ұпай жинау, өзінің алғашқы нәтижесін жақсарта алмады. Ал бірінші кезеңде қазақстандық спортшыдан төмен тұрған атлеттер әлдеқайда жақсы нәтиже көрсетті.

Нәтижесінде Мұсабаев финалдан сырт қалды.

Айта кетейік, жарыстың финалдық кезеңінң 8 спортшы шығады.

Наверх