Париж-2024: Бүгін жарыс жолына кімдер шығатыны белгілі болды

Бүгiн, 04:20
145
Бөлісу:
Париж-2024: Бүгін жарыс жолына кімдер шығатыны белгілі болды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрлігі жазғы Олимпиада ойындарының оныншы күні жарыс жолына кімдер шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сонымен 5 тамызда спорттың 3 түрінен 5 спортшы бақ сынайтынын (стенд ату, жеңіл атлетика, грек-рим күресі).

Скит микс (А. Орынбай/Э. Ещенко) сынында стенд атуда медальдар ойналады.

Қалған 2 спорт түрінде іріктеу кезеңі жүріп жатыр.

Осылайша, 5 тамызда Қазақстан спорттың 1 түрі бойынша 1 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Стенд ату
12: 00 Іріктеу кезеңі. Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко скитте жұп микс өнер көрсетеді.

18: 00 Финал.

Жеңіл атлетика
15: 50 Іріктеу кезеңі. Ольга Сафронова (200 м) жұбаныш жарысына қатысады.

23:45 Жартылай финал.

Грек-рим күресі
18: 00 60 кг салмақ дәрежесіндегі Айдос Сұлтанғали, 130 кг салмақ дәрежесінде Әлімжан Сыздықов өнер көрсетеді.

00: 00 Жартылай финал.

Өзгелердің жаңалығы