Париж-2024: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады

Бүгiн, 08:24
128
Бөлісу:
Париж-2024: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрлігі жазғы Олимпиада ойындарының онын екіншің күні жарыс жолына кімдер шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күнінде грек-рим күресінің балуандары арасынан Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) іріктеу белдесуінде бақ сынайды. Нұрсұлтанның алғашқы қарсыласы - мысырлық балуан Мохамед Метвалли. 

Грек-рим күресінен 77 келі салмақ дәрежесінің финалында Демеу Жадыраев жапониялық Нао Кусакамен белдеседі. Тікелей эфир сағат 21:10-да «Qazaqstan» арнасында көрсетіледі. 

Байдарка мен каноэде ескек есуден ерлер арасындағы жекелей сында Бекарыс Раматулла мен Сергей Емельянов шығады. 

Қазақстандық таеквондошылар Олимпиада ойындарындағы жарысты бүгін бастайды. Таеквондо спортынан ел намысын 58 келі салмақта Самирхон Абабакиров қорғайды. 

Велотректен Андрей Чугай жарыс жолына шығады. 

Бокстан 80 келі салмақ дәрежесінің финалында Нұрбек Оралбай украиналық Олександр Хижнякпен қолғап түйістіреді.

Өзгелердің жаңалығы