Париж – 2024: 27 шілдедегі жарыс кестесі

27 Шілде 2024, 08:10
971
Бөлісу:
Париж – 2024: 27 шілдедегі жарыс кестесі
Фото: скрин

Бүгін Париждегі жазғы Олимпиада ойындары ресми түрде басталады. Бүгін дзюдо, бокс, спорттық гимнастика, академиялық ескек есу, теннис, оқ ату, үстел теннисі және велоспорттан Қазақстан спортшылары сынға түседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған спорт түрлерінен сынға түсетін спортшыларымыз арасында бірден медальға таласатындары да, алғашқы іріктеу сындарына қатысатыны да бар.

Нақтырақ айтсақ, дзюдошыларымыз Әбиба Әбужақынова, Елдос Сметов және велоспортшы Евгений Федоров бастаған спортшыларымыз бірден жүлделі орындарға таласады.

27 шілде күнгі жарыс кестесі:

Дзюдо

48 кг, Әбиба Абужақынова – Сара Ришони (Израиль) 1-айналым

60 кг, Елдос Сметов – Торнике Чкадуа (Нидерланд) 1-айналым

Алғашқы белдесулер Астана уақытымен сағат 13:00-де, ал финал 19-00-де басталады. Елімізде тікелей эфирде Qazaqstan телеарнасы көрсетеді.

Нысана көздеу

Пневматикалық винтовкамен 10 метрден аралас жұптық сын – Қазақстан-1 командасы (Ислам Сатпаев, Александра Ле), Қазақстан-2 командасы (Арина Алтухова, Константин Малиновский). Мұнда іріктеу нәтижесінде 1-2 орын алған құрамалар финалға шығып, чемпионды анықтайды. 3-4 орын қола медальді сарапқа салады. Астана уақытымен іріктеу 12:00-де, ал финалдар 13:30-да басталады.

Пневматикалық тапаншамен 10 метрден нысана көздеудің іріктеуі – Никита Чирюкин мен Ирина Юнусметова. Ерлер арасындағы квалификация Шаторуда елорда уақытымен 13:30-да, әйелдер арасындағы жарыс 15:30-да басталады. «Хабар» арнасы ерлер арасындағы іріктеуді көрсетеді.

Академиялық ескек есу

Іріктеу – Владислав Яковлев. Ұлттық құрама спортшысы алғашқы алтылықта жарысады. Әр алтылықта жақсы нәтиже көрсеткен 3 спортшы тікелей ширек финалға шығады. Қалғандары ертесіне (28 шілдеде) тағы бағын сынап көреді. Жарысты ертең 11:55-те Qazsport арнасынан көре аласыздар.

Спорттық гимнастика

Көпсайыс – Милад Карими, ат снаряды – Нариман Курбанов 18:30-да «Хабар» арнасы, іріктеу кезеңі.

Велоспорт

Жекелей сындағы уақытқа жарыстың финалы – Евгений Федоров. Qazsport арнасы 18:35-те көрсетеді.

Теннис

Александр Бублик – Тейлор Фриц (АҚШ) 15:00, Jibek Joly арнасы.

Юлия Путинцева – Марта Костюк (Украина) 15:00, Jibek Joly арнасы.

Үстел теннисі

Кирилл Герасименко – Николас Бургос (Чили) 23:00

Бокс

Біздің уақытпен 27-сінен 28-іне қараған түні сағат 00:52-де «Хабар» арнасының эфирінде:

63,5 кг: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Ойер Ибаречче (Испания).

Өзгелердің жаңалығы