Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін 50 метрге жүзуде аралас бағдарламада S4 санаты бойынша жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Қазақстандық Зульфия Габидуллина бұл сында сегізінші орын алды.
Оқи отырыңыз:
Рио Паралимпиадасының чемпионы бұл қашықтықты 48.12 секундта жүзіп өтті.
Таңертең жартылай финалда Зүлфия Габидуллина өз тобында 44,57 секунд нәтижесімен төртінші орын иеленген. Ал жалпы есепте 8-орынға тұрақтап ақтық сынға шыққан еді.
Айта кетейік, Зүлфия Габидуллина осыдан бес жыл бұрын Риодағы Паралимпиадада чемпион атанып, ел қоржынына алғашқы алтын медальді салған. Бұл Зүлфия Габидуллинаның карьерасындағы үшінші Паралимпиада.