Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиода өткен Паралимпиада ойындарының чемпионы Давид Дегтяревтің құрметіне Қостанайда мурал салынды.
Мурал Хәкімжанова, 5/1 мекен жайындағы үйдің қабырғасына салынды. Онда тарихи сәт бейнеленген — чемпионның Токиодағы Паралимпиада ойындарында алтын медаль алған сәті.
Дектярев «алтынды» 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 174 келі зілтемірді еңсеріп, жеңіп алды.
Қазақстандық пауэрлифтерді Паралимпиадада тамаша өнер көрсеткені үшін тағы да құттықтаймыз және болашақта спорттық карьерасында жарқын сәттер көп болсын деп тілек айтамыз.