VI Республикалық Паралимпиада ойындарында елордада 70-ке жуық спортшы бақ сынап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Хабар 24» мәліметінше, Астанада параспорт түрлері жақсы дамып келеді. Төрт жылда бір өтетін ірі кешенді жарыс 10 мамырда басталған.
3 кезеңнен тұратын дода Алматы, Астана және Ақтөбе қалаларында болады.
ҚР 6 паралимпиадалық ойындары келесі пара спорт түрлері бойынша өтеді. Бұл голбол, футбол, жеңіл атлетика, пауэрлифтинг, оқ ату, таэквондо, үстел теннисі, жүзу, дзюдо және волейболды отырып ойнау спорт түрлері бойынша өтеді, - деді Астана қаласы мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебінің баспасөз хатшысы Даяна Елубаева.
Айта кетейік, осы паралимпиадалық ойындар үш кезеңді қамтиды.