Паралимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне қандай сыйлық беріледі

Бөлісу:
Паралимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне қандай сыйлық беріледі
Фото: автордан

Париж Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қандай сыйлықтар беріледі? Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін Астана әуежайынан елордалықтар Париж Паралимпиадасы ойындарының спортшыларын қарсы алды. Жақында ғана тағайындалған Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов та спортшыларды күтіп алды.

Министр БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап бергенде параспортшыларға қандай сыйлық берілетінін айтты.

Паралимпиада спортшылары Олимпиада спортшылары алғандай ақшалай сыйлықтарды алады. Олимпиада ойындарында спортшыларымыздың өңірлерден, демеушілерден үлкен сыйлықтар алғандарын көрдіңіздер. Бұл жерде де дәл сондай формат. Біз ешкімді бөліп-жармаймыз. Мұнда да дәл сондай қаржы, - деп айтты Ербол Мырзабосынов.

Еске сала кетейік, Қазақстан Олимпиада чемпиондарына қомақты ақшалай сыйақы береді. Біз алтын алған жеңімпазға – 250 мың доллар, күміске – 150 мың доллар, ал қола әкелген спортшыға 75 мың доллар береміз. Сондай-ақ 4-орын алған спортшы 30 мың доллар, 5-орынға 10 мың доллар және 6-орын алған спортшыға да 5 мың доллардан марапат тағайындап беріледі.

Өзгелердің жаңалығы