Парадзюдошылар жарады: әлем кубогында екі қыз алтыннан алқа тақты

25 Наурыз 2025, 03:22
1226
Бөлісу:
Парадзюдошылар жарады: әлем кубогында екі қыз алтыннан алқа тақты
Фото: olympic.kz

Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан парадзюдодан Әлем кубогында Ақмарал Науатбек (J2, -52 кг) топ жарып, алтын медаль иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Финалда ол Германия өкілі Изобель Тайды ұстау әдісімен жеңді. Бұл Ақмаралдың Олимпиада чемпионының белгісі – алтын жапсырмалы кимономен алғаш рет өнер көрсеткен жарысы болды.

Сондай-ақ тағы бір қазақстандық спортшы Альфия Тлекқабыл (J1, -52 кг) аталмыш турнирде алтын медаль жеңіп алды. Финалда ол Виктория Потапованы сенімді жеңді.

Тбилисиде (Грузия) өткен парадзюдодан Әлем кубогында Ғалымжан Смағұлұлы (J2, -81 кг) керемет өнер көрсетіп, күміс медаль жеңіп алды.

Ол финалға дейін Украина және Грузия спортшыларын жеңіп, шешуші белдесуде литвалық Освальдос Барейкиске жол берді. Бұл жарыс Олимпиададан кейінгі жаңа салмақтағы алғашқы бәсеке болды.

Өзгелердің жаңалығы