Пара Азия Ойындары. Қазақстан қоржынына тағы 6 медаль түсті

25 Қазан 2023, 16:14
825
Бөлісу:
Пара Азия Ойындары. Қазақстан қоржынына тағы 6 медаль түсті
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындары аясында қазақстандық спортшылар жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық спортшы Нұрлан Домбаев пара таэквондодан қола медаль жеңіп алды. 

Пара Азия Ойындары. Қазақстан қоржынына тағы 6 медаль түсті

Үшінші орын үшін өткен сайыста біздің отандасымыз Қытайдан келген палуанды 8:6 есебімен жеңді. Жекпе-жек 80 кг (К44) дейінгі салмақ дәрежесіндегі таекондошылар арасында өтті. 

90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Жанбота Аманжол (J2) пара дзюдодан күміс медаль иегері атанды. 

Пара Азия Ойындары. Қазақстан қоржынына тағы 6 медаль түсті



Алтын медаль үшін күресте ол Кореядан келген спортшы Ли Джунгке есе жіберді. 

Қазақстандық спортшы Ғалымжан Смағұлұлы Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарының аясында дзюдодан қола медаль жеңіп алды.

Пара Азия Ойындары. Қазақстан қоржынына тағы 6 медаль түсті



Үшінші орын үшін өткен тартыста біздің отандасымыз Өзбекстаннан келген палуанды жеңді. Жекпе-жек J2 санаты бойынша 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі палуандар арасында өтті. 

Қазақстандық спортшы Алишер Гариполлаев паратаэквондодан қола медаль жеңіп алды. 

Пара Азия Ойындары. Қазақстан қоржынына тағы 6 медаль түсті



Үшінші орын үшін күресте біздің отандасымыз жапониялық палуан Чакир Итоны 34:11 есебімен жеңді. Жекпе-жек (К44) 80+ кг салмақ дәрежесіндегі паратаеквондошылар арасында өтті.

Қазақстандық атлет Ерлан Өтепов пара дзюдодан күміс медаль жеңіп алды. 

Пара Азия Ойындары. Қазақстан қоржынына тағы 6 медаль түсті

90+ кг салмақта өнер көрсеткен спортшы финалда Моңғолиядан келген спортшы Ганбат Даштсеранға есе жіберді.

Ерлан Қонкиев Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында дзюдодан қола медаль жеңіп алды. 

Пара Азия Ойындары. Қазақстан қоржынына тағы 6 медаль түсті



Үшінші орын үшін күресте біздің отандасымыз қытайлық палуан Пен Лиді 10:0 есебімен жеңді. Жекпе-жек J2 санатында 90+ кг салмақ дәрежесіндегі парадзюдошылар арасында өтті.

Азия пара ойындарының аясында 90+ кг салмақта өнер көрсеткен қазақстандық Талғат Әжғалиев (J2 санаты) пара дзюдодан қола жүлдегер атанды. 

Пара Азия Ойындары. Қазақстан қоржынына тағы 6 медаль түсті


Медаль үшін күресте ол индонезиялық спортшыны жеңді.

Өзгелердің жаңалығы