ҰҚК пара алып жатқан прокурорларды ұстап алды

13 Қаңтар 2020, 19:07
11561
Бөлісу:
ҰҚК пара алып жатқан прокурорларды ұстап алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемендегі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері екі прокурорды кәсіпкерден 50 миллион теңге көлемінде ақша алып жатқан жерінен ұстап алды.

ҚР ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР бас прокуратурасының Ішкі тергеу департаментімен бірлесіп, 2019 жылғы желтоқсанда прокуратура органдары лауазымды адамдарының жеке кәсіпкерлік өкілінен аса ірі мөлшерде ақшалай қаражатты қорқытып алумен байланысты әрекетінің жолын кескен.

Атап айтқанда, 2019 жылғы 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында кәсіпкерден қорқытып алынатын 50 млн теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатты алу кезінде ҚР бас көлік прокуратурасы қылмыстық қудалау басқармасының аға прокуроры Құтанов Әлжаппар Мағауияұлы және ШҚО прокуратурасы қоғам мүдделерін қорғау басқармасы бастығының орынбасары Рамазанов Айдос Асұланұлы қылмыс үстінде ұсталды, - делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Ұсталғандарға қатысты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-б. 2-т. ("Қорқытып алушылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы