Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты басқарма төрағасының орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты Құрманғазы Мадалиев Дүниежүзілік жүрек күніне арналған брифингте айтты.
Оның айтуынша, жүрек пен қан тамырлары ауруларының алдын алу үшін ағзаға дер кезінде көмектесу үшін жұмыс пен демалыс режимін сақтау, физикалық белсенділікті арттыру, алкоголь мен темекі шегуден бас тарту, тамақтану мен дене салмағын қалыпқа келтіру қажет.
COVID-19 пандемия кезінде барлық себептен, ең алдымен, жүрек-қан тамырлары аурулары мен инсульттан болатын өлім-жітім өсті. Себептері: инфекцияның өзі тромбозға бейімділікті және жүрек-қан тамырлары ауруларының өршуін тудырады. Постковид жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының пайда болуына себеп болады, яғни артериялық гипертензия, аритмия, жүректің ишемиялық ауруы, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, қант диабеті - себебі гипоксия бұл ауруларды гипокалиемия және гипомагниемия тудырады. Пневмониядан болатын өлім-жітім 12%-ға ғана өсті. Адамдар пневмониядан емес, оның асқынуынан қайтыс болады, - деді профессор.
Сонымен қатар ол жүрек-қантамыр ауруымен ауыратын адамдар, әсіресе, ауылды жерде дәрігерлерге жүгіне бермейтінін айтты.
Елімізде 19 млн халықтың 2 млн-ға жуық адам жүрек ауруымен диспансерде есепте тұр. ДДСҰ-ның есептеуінше диспансерде 4-4,5 млн-ға жуық адам есепте тұруы керек болған. Яғни еліміздегі науқастардың жартысы диспансерлік есепке тұрмаған. Әсіресе, ауылды жердегі тұрғындар бұған мән бермей жатыр. Олар асқынған кезде ғана дәрігердің алдына барады. Егер ертерек барғанда, жүрек ауруының алдын алуға болар еді, - дейді Құрманғазы Мадалиев.
Сонымен қатар ол тамыз айында жүрек-қан тамырлары аурулары бойынша өткен Еуропалық конгресте клиникалық тәжірибеде жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу бойынша әдістемелік нұсқаулар жаңартылғанын жеткізді.
Сол жерде Қазақстан тәуекел деңгейі өте жоғары елдерден жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупі жоғары елдер аймағына көшірілді. Бұл халықтың жүрек ауруларын емдеудің интервенциялық әдістерімен көбірек қамтылуына байланысты. Бұл мемлекетіміздің және еліміздің кардиологтарының сіңірген еңбегі. Барлық көрші елдер жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупі өте жоғары елдер аймағында қалды, - деді кардиолог.