Пандемияға жаба салатын болды. Нығматулин ратификациялау уақытын кешіктіретін министрліктерді сөкті

14 Сәуір 2021, 10:34
2233
Бөлісу:
Пандемияға жаба салатын болды. Нығматулин ратификациялау уақытын кешіктіретін министрліктерді сөкті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысында айтты.

Ратификация халықаралық келісіммен бекітілсе, қатысушы елдердің мндетіне енеді. Біз де өз мойнымызға ратификациялау міндетін алдық. Әрине, ратификация уақыты созылғанына қарамастан хаттама Мемлекет басшыларының келісімін жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Бірақ мәселе бұл хаттамада ғана емес, Сауда және интеграция министрлігі мен өзге мемлекеттік органдар жүйелі түрде халықаралық ратификациялар бойынша ішкі келісімдердің уақытын кешіктіреді, - деді Нығматулин.

Ол атағандай, барлық интеграциялық үрдіс пен бастамалардың алдында жүретін Қазақстан ратификациялаудан кеш қалды.

Біз Үкімет және Парламентпен оның себебін анықтау үшін жұмыс жүргіздік. Бізде 1 жылдан 2,5 жылға дейін ішкі мемлекеттік келісім жүзеге асырылады. Мәселе осында. Сіздер бір жылдан астам уақыт бойы ЕАЭО-ға қатысты маңызды ратификацияның ішкі келісімін жүзеге асырдыңыздар. Коронавирус пен пандемия екенін түсінеміз. Бізде барлығын коронавирус пандемиясына жаба салатын болды. Бірақ коронавирус Ресей мен Арменияда, Беларусьте де болды. Бұл елдің Үкіметтері ішкі мемлекеттік процедураларды дер кезінде жүзеге асырып, Парламентіне ішкі мемлекеттік келісімді тезірек өткізуге мүмкіндік берді, - деді ол.
Нығматулин 2020 жылдың 1 қаңтарынан 2021 жылдың 1 қаңтарына дейінгі ұзарту мерзімі аяқталған соң ратификацияға әкелген құжаттың жұмысы біткенін айтты.
Жұмыс аяқталды, бірақ сіздер енді ғана ратификацияға келіп отырсыздар. Сыртқы істер министрлігі де халықаралық келісімдерге құзырлы орган ретінде жауапты болуы керек. Сіздер ол құжатты өздеріңізде 3 ай ұстадыңыздар. Президенттер қол қойды. Барлығын тез бітіріп, Парламентке алып келмейсіздер ме? - деді Нығматулин.
Отырыста Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы жөнінде айтты.

Өзгелердің жаңалығы