Пандемиядан зардап шеккен кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетілді

25 Тамыз 2021, 16:11
4720
Бөлісу:
Пандемиядан зардап шеккен кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетілді

Алматы, BAQ. KZ тілшісі. Қазір пандемиядан зардап шеккен кәсіпкерлердің қарыз-шарттарын тіркеу жүріп жатыр. 

Бұл туралы «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының Алматы қаласы бойынша аймақтық филиалы директорының орынбасары Жомарт Ермағанбет айтты.

Оның айтуынша, 2020 жылы Президент зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді және белгілі бір бағытқа субсидия көрсетуді тапсырған.

2020 жылдың наурызынан 2021 жылдың 15 наурызы аралығында бірінші толқын бойынша 366 кәсіпкер субсидия алу мәселесімен бізге жүгінді. Олардың 1612 қарыз-шарт біздің тізімге енді. Оларды өтеу бойынша 6,8 млрд теңге төледік. Екінші толқында зардап шеккен салалар саны көбірек болды. Мысалы, бірінші толқында 29 сала болса, екіншісінде 174 сала бекітілді. Оның ішінде өнеркәсіп, сауда-саттық тағы басқалары. Ол кезде кәсіпкерлердің 273 қарыз-шарты қабылданып, оған 518 млн теңге төледік, - дейді ол.
Қазір үшінші толқын бойынша жұмыс жүріп жатыр екен. Осы уақытта кәсіпкерлердің 93 қарыз-шарты тіркеліп, бекітілген.

Пандемия кезінде құрылыс, азық-түлік дүкендерінен басқа кәсіпкерліктің барлық саласы зардап шеккен.

Сонымен қатар филиал «Бизнестің жол картасы 2020-2025» бойынша да жұмыстар атқарып жатыр екен.

Биылғы жартыжылдықта 990 жоба бойынша субсидиямен қолдау көрсетілді. Олардың жалпы сомасы 87 млрд теңге, - дейді Ермағанбет.
Өзгелердің жаңалығы