Пандемия жемқорлар үшін жаңа мүмкіндіктер ашты – Әбдікәрімов

26 Наурыз 2021, 23:41
1670
Бөлісу:
Пандемия жемқорлар үшін жаңа мүмкіндіктер ашты – Әбдікәрімов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының төрағасы Оралбай Әбдікәрімов «ҮЕҰ, сарапшылар қауымдастығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысуын кеңейту» тақырыбында өткен отырыста айтты.

Оның айтуынша,  пандемия  жемқорлар үшін ақша жымқырудың жаңа мүмкіндіктерін ашқан.

Сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік танытатын көзқарас қалыптастыру керек. Бұл формалды сипатта өтпеуі қажет. Әрқайсымыз оның ел дамуының қазіргі кезеңінде маңызы зор екенін түсінуіміз керек. Пандемия кезеңінде  жемқорлар ахуалды пайдаланғанын білеміз. Пандемияға қарсы күрес үшін қанша қаражат бөлінгенін баршаңыз білесіздер. Індетпен күреске триллиондаған теңге бөлінді. Соны жырымдап, жол, басқа да бағыттар бойынша жымқырғандар бар, - деді Оралбай Әбдікәрімов.

Сондай-ақ ол халыққа білім беру саласында да жағдайдың мәз емес екенін айтты.

Мектептерді компьютрлендіру бойынша қорқынышты фактілер белгілі болып жатыр. Компьютер сатып алуға тапсырылған ақшаны облыстық білім басқармаларының басшылары бағаны қолдан көтеру арқылы жымқырған. Салдарынан сапасыз компьютерлер алынған. Осындай жайттар қайталанбауы үшін халық болып жемқорлыққа қарсы күрестің маңызын түсіну керек. Біз бұл істі соңына дейін жеткіземіз. Ол үшін күнделікті жұмыс істеу қажет, - деді ол.

Олжас АДАЙ


Өзгелердің жаңалығы