Пандемия кезіндегі интернеттің рөлі талқыланды

13 Қараша 2020, 20:06
1494
Бөлісу:
Пандемия кезіндегі интернеттің рөлі талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі MediaNet Халықаралық журналистика орталығымен бірлесіп ұйымдастырған Интернетті дамыту бойынша ЕҚЫҰ-ның Орталық Азиядағы 11-ші жыл сайынғы форумы 2020 жылғы 10-13 қараша аралығында онлайн режимінде өтті.

Форум «Пандемия кезінде Интернет рөлінің трансформациясы» тақырыбына арналды. 200-ге жуық қатысушы сенімді ақпарат беру, жалған ақпарат пен жалған жаңалықтарға қарсы тұру, сөз бостандығы мен ақпараттың барлығына қол жетімділігін қорғаудағы мемлекеттің, бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғамның рөлін талқылады. Іс-шара барысында Интернеттің қоғамдық өмірге ықпалының күшеюі және журналистер мен қарапайым халықтың фактчекинг, БАҚ және ақпараттық сауаттылық дағдыларын арттыру маңыздылығы сияқты басқа да тақырыптар қозғалды.

Іс-шараға Қазақстан, Беларусь, Украина, АҚШ, Болгария, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан мемлекеттік қызметкерлер, азаматтық қоғам, БАҚ-пен байланысты үкіметтік емес ұйымдар, кәсіби қауымдастықтар, дипломатиялық корпус, сарапшылар, заңгерлер мен журналистер қатысты. Мастер-кластар мен сессиялар барысында қатысушылар белгілі бір тақырыптарға назар аударды, мысалы, сот төрелігіне қол жетімділік және пандемия кезіндегі ақпаратқа қол жеткізу, жалған ақпарат пен deepfakes қауіптерімен күресу құралдары, жеке өмір мен цифрлық қауіпсіздік.

Форум Офистің Қазақстанда және Орталық Азия аймағында пікір білдіру еркіндігі мен БАҚ еркіндігін ілгерілету бойынша қызметінің құрамдас бөлігі.

Өзгелердің жаңалығы