Пандемия кезінде күйзеліске ұшырау коэффициенті көбейді

13 Қаңтар 2021, 17:54
2339
Бөлісу:
Пандемия кезінде күйзеліске ұшырау коэффициенті көбейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Media medschool» онлайн дәрісі барысында Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы мен Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының психотерапевті Рашид Азизов айтты.

Психотерапевт маманның айтуынша, пандемия уақытында мазасыздық деңгейі күрт өскен. Қатаң карантин талаптарына сай, осы уақытқа дейін күйзеліспен күресу амалдары қол жетімсіз болып қалды. Мысалы, спортпен айналысу, жаяу серуен, көңіл көтеретін жерлер, шопинг, спа және т.б. Көпшілігі психологиялық тұрғыда күйзеліспен күресуге қауқарсыз. Нәтижесінде карантин уақытында психосоматикалық ауытқулар жиегінде кетіп,  әртүрлі симптомтарды қабылдау деңгейі өсіп, стресс күйінде вирустың түрлі белгілерін көре бастайды. Сенім телефондарына қоңырау қабылдаудағы басты мақсат - адамдардың мазасыздық деңгейін түсіру. Себебі тыныштық күйінде белгілі психосоматикалық симптомдардың жоқ екенін байқаймыз, - дейді психотерапевт дәрігер.

Маманның кеңесі бойынша, артық мазасыздық тудыратын ақпарат көздерін оқымау, ақпараттарды фильтрациялау, ағзадағы өзгерістерді талдау деген секілді қарапайым әрекеттерді ұстану қажет.

Айта кетейік, бүгінгі дәріс «COVID-19 пандемиясынан психологиялық денсаулықты қалай сақтаймыз және психикалық аурулардың алдын алу: тәжірибелі мамандардың кеңесі» тақырыбы аясында өтті.

Ботакөз Жақиянова
Өзгелердің жаңалығы