Пандемия басталғалы көз жұмғандар саны 604 мыңнан асты

19 Шілде 2020, 10:30
1145
Бөлісу:
Пандемия басталғалы көз жұмғандар саны 604 мыңнан асты

Алматы, BAQ.KZ. Әлем бойынша COVID-19 инфекциясынан мерт болғандар саны 604 150 адамға жетті. Мұндай мәлңметті Джон Хопкинс университеті таратты.

Соңғы мәлімет бойынша коронавирустан көз жұмғандардың басым көпшілігі АҚШ-та тіркелген - 162 849 адам, Бразилияда - 78 735, Ұлыбританияда – 45,3 мың. 

Қазіргі уақытта әлем бойынша қауіпті індетті жұқтырғандар саны 14,4 млн-нан асқан. Науқастар саны бойынша Америка құрама штаттары бірінші орында - 3 833 134 науқас, одан кейін Бразилия тұр, бұл елде 2 075 124 адам вирус жұқтырған. Үндістанда - 1 077 864, Ресейде - 765 437 науқас тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы