Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мерекелік демалыс күндері қарсаңында алматылықтарды денсаулықтарын сақтауға және жақындарына қауіп төндірмеуге шақырды.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың «Алматы» ТА-дағы Акимат Live бағдарламасының тікелей эфирінде келтірген мәліметтері бойынша, тәулік ішінде, 4 мамырда Алматы қаласында коронавирус инфекциясының 645 жағдайы тіркелді. Оның 553-і симптомды және 92-сі симптомсыз. Тәулік ішінде 574 адам емделіп шықты, ал стационарларға 293 науқас түсті.
Бүгінде инфекциялық стационарлардың жалпы қуаттылығы 6060 төсек орын, 3475 адам бар, оның ішінде 95-і балалар. Амбулаториялық бақылауға 4830 адам алынған, оның ішінде симптомды әрі жағдайлары жеңіл және орташа жеңіл науқастар - 4 240, симптомсыздар - 590.
Алматыда пандемия басталғалы бері КВИ-дің 57 171 жағдайы тіркелді, халықтың 100 мыңына шаққандағы көрсеткіш - 2809,8. Оның ішінде 2021 жылдың басынан бері 4 мамырға дейін 38 650 жағдай тіркелді. Мәселен, қаңтарда - 3607, ақпанда - 2945, наурызда - 9525, сәуірде - 20563 жағдай, - деді әкім.
Тәуліктік өсімнің сәл төмендегені (1,4-тен 1,1-ден 1,1-ге дейін) байқалады, соңғы 7 күнде 247,5-тен 243,2-ге дейін, репродуктивтік санның сақталуы - 1,0.
Симптомсыз сырқаттардың жеке үлесі төмендеуде және симптомды науқастардың үлесі артуда: қаңтар 73%, ақпан 70%, наурыз 78%%, сәуір 86%, 4 мамырда 88,8%; мутацияланған КВИ штаммдарынан туындаған.
Бұрынғыдай, қала тұрғындарының 20-дан 70 жасқа дейінгі белсенді тобы негізгі жұқтырушылар, олар жалпы науқастардың 76%-ын құрайды.
Соңғы 14 күнде КВИ жұқтырған 9590 науқастың ішінде жұмыс істемейтіндер көп тіркелген - 34% , әр түрлі ЖШС, ЖК, АҚ - 23,6%, зейнеткерлер - 17,6%, мектеп оқушылары - 6,8% және мектеп жасына дейінгі балалар арасында 4,7%. Халықтың санамаланған санаттарының жалпы үлесі 87%-ды құрады. Халықтың қалған санаттарының арасында 0,1-ден 2%-ке дейінгі жағдайлар тіркелді, олардың барлығы 13%-ды құрайды, - деп атап өтті Сағынтаев.
Сауалнамалар барысында жұқтырудың ықтимал ошақтары базарларда 10,7% деңгейде, сауда нысандарында 28,1% деңгейде тұрақтанды. Қоғамдық тамақтану орындарында жұқтыру деңгейі 5% күйінде қалуда.