Газа секторынан бірнеше содыр Израиль аумағына кірді. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, елге мыңдаған зымыран ұшып келген. Зымыран шабуылын палестиналық ХАМАС тобы өз мойнына алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Хамастың әскери қолбасшысы Мұхаммад әл-Дейф «Әл-Ақса дауылы» операциясын жариялап, палестиналық содырлар тобының дұшпан позицияларына, әуежайлар мен әскери позицияларға 5 мың зымыран атқылағаны туралы жазбаша хабарлама жариялады.
Израиль қорғаныс күштері Газаға жақын жерде тұратын израильдіктерге үйлерінде қалуды ескертті.
Бүгін таңертең Газадан Израильге қарай зымыран атқылап, салдарынан бір адам қаза тауып, үш адам жараланды, - деп хабарлады Израильдің құтқару қызметі.
Зымыран Израильдің солтүстігінен шығысына қарай сиреналарды іске қосты.
Премьер-министр Беньямин Нетаньяху мен Қорғаныс министрі Йоав Галлант Тель-Авивтегі Израиль қорғаныс күштерінің штаб-пәтерінде қауіпсіздікке баға беріп жатыр.
ХАМАС (Исламдық Қарсыласу Қозғалысы) – 2007 жылдың шілдесінен бері Газа секторын басқарып келе жатқан палестиналық исламдық қозғалыс және саяси партия.