Пакьяо мен Мейвезер арасында реванш өтуі мүмкін

<h4>Алматы, baq.kz.&nbsp;Филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо Boxingscene порталына берген сұхбатында Флойд Мейвезермен қарымта кездесу өткізуге дайын екендігін мәлімдеді.</h4> <br>

11 Қаңтар 2019 2019, 10:47
 11 Қаңтар 2019 2019, 10:47
11 Қаңтар 2019 2019, 10:47
1920

Алматы, BAQ.KZ. Филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо Boxingscene порталына берген сұхбатында Флойд Мейвезермен қарымта кездесу өткізуге дайын екендігін мәлімдеді.

Есімдері аңызға айналған қос боксшы арасындағы жекпе-жек қайта өту үшін америкалыққа спортқа қайта оралу қажет екен.

«Егер Флойд боксқа қайта оралса, реванш өтуі әбден мүмкін. Ол қарымта жұдырықтасуды қалайтын болса бокс өтеді», - дейді Пакьяо. 

Сонымен қатар ол, қазіргі кезде Эдриэн Бронермен өтетін жекпе-жекке дайындалып жатқандығын жеткізді. 19 қаңтар күні өтетін бұл кездесу филиппиндік боксшының 70-ші жекпе-жегі болмақ.

Еске салсақ, Мэнни Пакьяо мен Флойд Мейвезер арасынадағы кездесу 2015 жылдың 2 мамырында өткен. Ол кезде америкалық боксшы ұпай санымен жеңіске жеткен.

Ал, Флойд Мейвезер қыркүйек айында Пакьяоға қарсы кезекті кездесуді өткізу үшін рингке оралуға дайын екендігін мәлімдеген болатын.
Наверх