Пакьяо мен Бронер жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

19 Қаңтар 2019, 14:49
2169
Бөлісу:
Пакьяо мен Бронер жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Астана, BAQ.KZ. Лас-Вегаста MGM Grand аренасында өтетін бокс кешінің басты қатысушылары филиппин боксшысы Мэнни Пакьяо (60-7-2, 39 KO) мен америкалық Эдриен Бронер (33-3-1, 24 KO) салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Пакьяо салмақ өлшеу рәсімінде 66,2 келі көрсетсе, Броунер 66,5 келі көрсетті. Бұл кездесу 66,7 келіге дейінгі орта салмақтағы WBA тұжырымы бойынша чемпион титулы үшін болмақ.

Айта кетейік, боксшылар ертең, 20 қаңтарда Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында жұдырықтасады.

Сондай-ақ бокс кешінің андеркатында мына боксшылар жұдырықтасады:

Баду Джек – Маркус Браун (79,4 келі салмақ дәрежесіне дейін)

Роши Уоррен – Нордин Убаали (53,5 келі салмақ дәрежесіне дейін)

Джек Тепора – Уго Руис (57,2 келі салмақ дәрежесіне дейін).

Өзгелердің жаңалығы