Пәкістанның солтүстігінде нөсер жауыннан туындаған су тасқыны мен көшкін салдарынан қаза тапқандардың саны 330-ға дейін өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Geo News таратқан мәліметке сүйенсек, құтқару топтары өткен түні лай көшкіні мен кенеттен болған су тасқыны қиратқан үйлердің астынан көптеген адамның мәйітін шығарды.
Ресми деректерге сәйкес, қаза тапқандардың ішінде Хайбер-Пахтунхва провинциясында – 307 адам, Гилгит-Балтистан аймағында – 12 адам, ал Азад-Кашмирде – 11 адам тіркелді. Хайбер-Пахтунхва провинциясының билігі 32 адамның хабар-ошарсыз кеткенін мәлімдеді.
Метеорологтардың болжамынша, Пәкістанның солтүстігінде нөсер жауын 21 тамызға дейін жалғасады.
Премьер-министр Шахбаз Шариф Хайбер-Пахтунхва провинциясына дәрі-дәрмек, азық-түлік және өзге де қажетті көмекті дереу жеткізуді тапсырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Грекияда ірі орман өрттері өршіп тұрғаны туралы жаздық.