Пәкістанда жоғалып кеткен альпинистің денесі табылды

17 Маусым 2024, 15:10
235
Бөлісу:
Пәкістанда жоғалып кеткен альпинистің денесі табылды

Пәкістанда бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен альпинистің мүрдесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап. 

Марқұм Жапония азаматы екені анықталды. Бұл ақпарды Исламабадтағы Жапония елшілігі растады. Ол елдің солтүстігіндегі ең биік таулардың бірін бағындыру кезінде қаза тапқан. 

Қазір құтқарушылар із-түзсіз кеткен тағы бір альпинистті іздестіріп жатыр. Пәкістанда жыл сайын бірнеше спортшы әлемде биіктігі жағынан екінші К2 тау шыңын бағындыру жолында қаза табады.

Өзгелердің жаңалығы