Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Пәкістан Үндістанға қарсы соғыс шарттарын атады

27 Сәуір 2025, 08:10
710
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Пәкістанның Қорғаныс министрі Хаваджа Асиф РИА Новостиге берген сұхбатында Исламабадтың Үндістанға қарсы соғыс бастау ниеті жоқ екенін айтты. Алайда ол Үндістан тарапынан қандай да бір агрессия болса, Пәкістанның сәйкесінше жауап беретінін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біз қақтығысты бастамаймыз. Бірақ егер Үндістан тарапынан қандай да бір әрекет жасалса, біз соған сай жауап береміз. Біз жағдайды ушықтырғымыз келмейді, бірақ Пәкістанға басып кіру немесе шабуыл жасау әрекеті пропорционалды жауапқа әкеледі, -деді министр.

Бұл мәлімдеме Джамму мен Кашмир аймағындағы Пахалгам қаласы маңында болған шабуылдан кейін жасалды. Шабуыл салдарынан 26 адам қаза тапты. Жауапкершілікті "Лашкар-и-Тайба" террористік ұйымымен байланысы бар "Қарсылық майданы" тобы өз мойнына алды.

Оқиға Үндістан мен Пәкістан арасындағы жағдайды ушықтырды. Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің төрағалығымен өткен Министрлер Кабинетінің қауіпсіздік комитеті бірқатар шаралар қабылдады:

  • Екі елдің елшіліктерінің қызметкерлер санын 55-тен 30-ға дейін қысқарту,
  • Үнді өзенінің сулары туралы келісімді уақытша тоқтату,
  • Вагах-Аттари шекара өткелін жабу.

Сонымен қатар, Нью-Дели 1 мамырға дейін Пәкістан азаматтарының елден кетуін талап етті және Оңтүстік Азия аймақтық ынтымақтастық қауымдастығы (СААРК) аясындағы визасыз кіруге тыйым салды. Бұйрықты бұзғандарға 48 сағат ішінде елді тастап шығу міндеттелді.

Өзгелердің жаңалығы