Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Пәкістан Қорғаныс министрі: Үндістанмен қақтығыс ядролық соғысқа ұласуы мүмкін

25 Сәуір 2025, 08:34
767
Бөлісу:
 AP Photo / Dar Yasin
Фото: AP Photo / Dar Yasin

Пәкістанның Қорғаныс министрі Хаваджа Асиф Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленістің күшеюі бүкіл әлем үшін алаңдаушылық тудыратынын, себебі бұл жағдай ядролық соғысқа ұласуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол Sky News телеарнасының тікелей эфирінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Иә, әлем алаңдауы керек. Екі ядролық державаның соқтығысуы әрдайым үлкен қауіп тудырады. Егер бір нәрсе дұрыс болмаса, бұл қақтығыс қайғылы аяқталуы мүмкін, – деді министр.

Асиф Пәкістанның кез келген шабуылға дайын екенін және қажетті жағдайда жауап қайтарылатынын ескертті. Сонымен қатар, ол жағдайдың бейбіт жолмен шешілуіне үміт білдіріп, АҚШ президенті Дональд Трампты делдал ретінде араласуға шақырды. Министрдің пікірінше, Трамп әлемнің түрлі "ыстық нүктелерінде" әр тараппен байланыс орната алатын тұлға ретінде жағдайды тұрақтандыруға көмектесе алады.

Айта кетейік, бұл мәлімдеме Джамму және Кашмир аймағындағы лаңкестік шабуылдан кейін жасалды. Сейсенбі күні Байсаран алқабында қарулы адамдар туристерге шабуыл жасап, нәтижесінде 25 үнді азаматы мен 1 непалдық қаза тапты. Шабуыл үшін жауапкершілікті Ресейде тыйым салынған "Лашкар-и-Тайба" ұйымымен байланысы бар "Қарсылық майданы" тобы өз мойнына алды.

Шабуылдан кейін Үндістан тарапы Пәкістан азаматтарына виза беруді тоқтатты, ал қолданыстағы визалар 27 сәуірден бастап жойылатын болды. Бұған жауап ретінде Пәкістан Үндістанмен сауданы тоқтатып, әуе кеңістігін жабатынын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы