Пәкістанның Ұлттық логистикалық корпорациясы Орта Азия бизнесімен қарым-қатынасқа ашық, деп хабарлайды BAQ.KZ.
National Logistic Cell (Пәкістанның Ұлттық логистикалық) корпорациясы Орта Азиядағы ынтымақтастығын кеңейтіп келеді. Бұл туралы Пәкістанның Қазақстандағы елшілігі хабарлады.
Жалпы NLC (Пәкістанның Ұлттық логистикалық) корпорациясының Орта Азиядағы ынтымақтастығы кеңейіп жатыр. NLC автопаркі Ауғанстан арқылы Ташкентке жүк тасымалын сәтті аяқтады. Компания Қазақстанның бизнесімен де ынтымақтастыққа дайын, – делінген елшіліктің хабарламасында.
Дипломатиялық өкілдіктің мәліметінше, Пәкістанның ұлттық компаниясына жақында Өзбекстанның Пәкістандағы елшісі Ойбек Ариф Усманов келген. Өзбекстан елшісіне халықаралық жол тасымалының (ХЖТ) операциялары аясында аймақтық байланысқа ерекше назар аудара отырып, NLC-тің негізгі мүмкіндіктері мен ұлттық құрылыс жобалары туралы хабарланған.
Халықаралық жол тасымалы Пәкістан және Орта Азия елдерінің бизнес өкілдеріне табысты болмақ. Себебі ХЖТ бизнес компаниялардың жаңа және перспективалы нарықтарға өнімнің шығуын кеңейтуге ықпал ететін болады.