Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында тағы да қақтығыс болды

Бүгiн, 18:28
98
Бөлісу:
 Reuters
Фото: Reuters

Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында тағы да қақтығыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ВВС таратқан мәліметке сәйкес, Ауғанстанның Кандагар провинциясындағы Спин-Болдак шекара қаласының маңындағы шайқас шамамен төрт сағатқа созылған.

Деректерге сүйенсек, жергілікті ауруханаға төрт адамның мәйіті жеткізілген. Пәкістан тарапы үш адамның жараланғанын мәлімдеді.

Түнде Спин-Болдактан босқындар легі ағылғаны мәлім етілді. Жарияланған кадрларда адамдардың көбі жаяу немесе көлікпен шекара аймағынан қашып бара жатқаны көрінеді. Көрші ауылдардың тұрғындары да үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

Еске салайық, соңғы 10 күн ішінде Пәкістан Ауғанстан аумағына әуе соққыларын жасаған еді. Шабуылдар шығыс өңірдегі үш провинцияға бағытталып, он бейбіт тұрғынның қазасына әкелген.

Екі көрші ел арасындағы жағдай геометриялық прогрессиямен ушығып барады. Қазан айында да ауыр қақтығыстар тіркелген. Кабулдағы терактілер үшін айыптаудан кейін тәліптер пәкістандық шекара бекеттеріне шабуылдап, соңы кең ауқымды қарулы қақтығысқа ұласқан.

Өзгелердің жаңалығы