Пәкістан дінге төнген қауіппен қалай күреседі?

14 Қыркүйек 2022, 13:46
1387
Бөлісу:
Пәкістан дінге төнген қауіппен қалай күреседі?

Бұл туралы елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі барысында Пәкістан Ислам Республикасының Ислам идеологиясы кеңесінің төрағасы Кибла Айаз мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Пәкістанда көптеген халық христиандардан, иудистерден және сикх қоғамдастығынан, мұсылмандар қауымынан тұрады. Олардың барлығы өзара достық қарым-қатынаста өмір сүріп жатыр. Мұсылман емес қауымның да басқалары сияқты көптеген құқықтары мен міндеттері бар. 1963 жылғы Пәкістанның конституциясы мұсылман емес халықтарға өз діндерін дамытып, мәдениеттерін ұстану үшін еркіндік жариялады. Еліміздегі мұсылман қауымының өкілдері 1923 жылғы 22-ші декларацияға сәйкес, мұсылман емес елдермен қарым-қатынас өте маңызды деп танылды. Осы міндеттерді елдегі қауым өкілдері құрмет тұтады. Әсіресе елдегі білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік, экономикалық салалардағы міндеттерді сыйлайды, - деп атап өтті Кибла Айаз. 

Сондай-ақ ол Пәкістанның діни қауіптен қалай қорғанып отырғанына тоқталды. 

Пәкістан жуырда аз ұлттардың ұлттық қоғамдастығын құрды. Комиссия дінаралық келісімде маңызды рөл атқарады. Діни қауымдастықтарға қауіп төндірген адамдардың барлығы қазір түрмеде отыр. Олар қатаң түрде жазаланды. Біз қате ақпараттарға тосқауыл қою бағытында Қазақстанмен бірлесіп жұмыс істей аламыз, - деді пәкістандық идеология кеңесінің басшысы. 

Еске сала кетейік, елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы