Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пәкістан орташа радиусқа арналған «Шахин-3» атты баллистикалық зымыранды сынақтан сәтті өткізді. Қару жүйесінің конструкциясы мен техникалық сипаттамалары қайта тексерілді.
«Шахин-3» зымыраны ядролық зарядты тасымалдай алады. Алғаш рет ол 2015 жылы сынақтан өткізілген.
Бұған дейін Пәкістандағы саяси жағдайдың тұрақсыздығы туралы хабарланған. Елдің премьеріне қатысты сенімсіздік вотумы қабылданған. Жаңа үкімет басшысын сайлау 11 сәуірге жоспарланған.