Пәкістан әскери техникасын Үндістанмен шекараға көшіріп жатыр – БАҚ

12 Тамыз 2019, 20:29
1769
Бөлісу:
Пәкістан әскери техникасын Үндістанмен шекараға көшіріп жатыр – БАҚ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның ведомстволары пәкістандық әскери техниканың шекара маңындағы аудандарда қалай орналасып жатқанын мұқият қарап отыр.

Пәкістан өзінің әскери техникасын Үндістанмен шекараға жақындатып жатыр. Бұл туралы ANI үнді агенттігі үкіметтік дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

«Сенбі күні Пәкістан әскери әуе күштерінің С-130 үш ұшағын Ладакх (Үндістан жері – ред.) облысына жақын жерде орналасқан Скарду базасына әскери техникасын жеткізді. Үндістан ведомстволары пәкістандық әскери аудандардағы орналасуларды мұқият қадағалап отыр», - делінген хабарламада.

Жеткізілген қару кейін Пәкістан армиясы Әскери әуе күштерін қолдау үшін қолданылуы мүмкін. Мұндай жағдай осы жылдың ақпан айында Кашмирдің Үндістан бөлігінде болған. Дереккөздердің мәліметінше, Исламабадтың келесі қадамы Чэнду FC-1 Сяолун жойғыш бомбаларын Скарду базасына көшіру болмақ.

5 тамызда Үндістан үкіметі Джамму және Кашмир штаттарынан ерекше статусты алып тастау шешімін шығарған. Ел үкіметі мыңдаған әскери техниканы осы жаққа жөнелтті. 

Оған жауап ретінде Пәкістан Үндістанмен дипломатиялық қатынастың деңгейін төмендетті. Сонымен қатар, Пәкістан ҰҚК Үндістанмен екіжақты келісімдердің барлығын қайта қарау туралы қаулы шығарды.

Өзгелердің жаңалығы