Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Пәкістанда нөсер жауын мен қардан 28 адам көз жұмды

22 Ақпан 2019, 14:36
2988
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ. Пәкістандық ақпарат құралдары соңғы кезде елдің көптеген аудандарында нөсер жауын мен қардың жиілеп кетуінен 28 адамның көз жұмғанын хабарлауда.


Белуджистан провинциясының бас министрі Джам Камал-ханның айтуынша, нөсер жауынның соңы су тасқынына ұласқан, нәтижесінде төрт адам мерт болған. Су тасқыны салдарынан телекоммуникациялық және электр желілері қираған. 

Сондай-ақ Белуджистан провинциясына қарасты бірнеше ауыл су астында қалған, кейбірінде төтенше жағдай режимі енгізіліп, құтқару, іздестіру шараларына төрт тікұшақ жұмылдырылған. 

Мәліметке сүйенсек, жаңбыр мен қардың көптеп жауғанынан тау көшкіні болып, Хайбер-Пахтунхва және Пенджаб провинцияларында кейбір үйлер қираған. Соның салдарынан 24 адам мерт болған. 

Пәкістанның ауа райын болжау қызметі нөсер жауын мен қар 23 ақпанға дейін жалғасатынын хабарлауда.
Өзгелердің жаңалығы