Алматы, BAQ.KZ. Пәкістандағы Квет әкімшілік орталығында мешітте жарылыс болып, 14 адам қаза тапты, тағы 20-сы жарақат алды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
Оқи отырыңыз:
Белуджистан провинциясы ішкі істер министрі Зия Уллах Лангаудың мәліметінше, мешітке кірген жанкешті лаңкес өзін-өзі жаруы мүмкін. Осы оқиғадан кейін провинциядағы мешіттерде қауіпсіздік шаралары күшейтілген.
Бұл Кветте бір аптада болған екінші жарылыс. 7 қаңтар күні қауіпсіздік күштерінің көлігіне шабуыл жасалға. Нәтижесінде 2 адам қаза тауып, 18-і жарақат алған еді.